БДҰ күйзеліске ұшырағандардың күрт артуына алаңдаулы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің 300 миллионнан астам тұрғыны депрессиядан зардап шегеді. Бұл психиканың бұзылуы адамды дұрыс жұмыс істеу мүмкіндігінен айырады және өлімге итермелейді, деп хабарлайды un.org .

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы науқастар санының артып келе жатқанына алаңдаушылық білдірді. 2005 жылдан 2015 жылға дейін әлемде депрессия оқиғасы 18 пайызға көбейген.

Күйзеліске шалдыққандар әлемнің барлық аймағына таралған. Беларусь халқының - 5,6 пайызы және Украинадағы тұрғынның - 6,3 пайызы депрессиямен ауырады.

Алайда бұл тек ресми деректер. Депрессияға әкеп соғатын стигматизациядан адамдар науқас сырқаттарын мойындамайды және емделуге тырыспайды. Депрессия өзгелерден көңіл-күйдің ауытқушылығымен ерекшеленеді. Адам екі апта немесе одан да ұзаққа созылатын ауыр мұң жетегінде жүреді, ол жұмыста, оқуда немесе үйдегі жұмыс істеу қабілетіне ықпал етеді.

Психоәлеуметтік көмек пен дәрі-дәрмек - емделудің тиімді жолдары болып табылады. Емделудің ең алғашқы қадамы - депрессияның бар екенін мойындап, көмекке жүгіну.

Дәрігерлер күйзелістің әлеуметтік, психологиялық және биологиялық факторлардың өзара әсерінен туындайтынын атап өтуде. Босанған әйелдердің 20 пайызы босанудан кейінгі депрессияға ұшырайды. Одан бөлек, экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, апатты жайттар мен шиеленіс факторлары да халық арасындағы депрессияның көбеюіне әкеп соғады.

Соңғы жаңалықтар