BBC World Қорғас туралы фильм түсіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - BBC World британдық телекомпаниясы мамыр айында көрермендерге Қазақстанның ірі стратегиялық инфрақұрылымдық жобалары - «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы, «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы және Құрғақ порты туралы деректі фильм көрсетеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Қорғас» ШЫХО» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түсірілім тобы бір апта бойы Алматы облысы Панфилов ауданындағы ірі құрылыс туралы материал жинақтады. Енді шөлді жерде крандар көтеріліп, ричстакерлер (контейнерлермен жұмыс жасайтын жүк тиегіштер) жүріп тұруда, Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері келіссөз жүргізуде, мыңдаған туристер тауар сатып алып, тауарлық пойыздар өтіп жатыр. 

«Бұл фильмде Жаңа Жібек жолындағы құрылысты ғана емес, Қорғастың тіршілігін көрсеткіміз келеді. Сондықтан, адамдардың өмірі туралы, мұндағы өзгерістердің олардың өміріне қалай әсер еткендігін естігіміз келеді», - деп атап өтті жоба жетекшісі  Крис Вест.

Соңғы жаңалықтар