Байқоңырдан «Союз-ФГ» зымыраны сәтті ұшырылды

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Қазақстанның ғарыш экологтары Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ФГ» тасымалдаушы зымыраны штаттық режімде ұшырылғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зымыран орбитаға «Союз МС-08» басқарылатын көлік кемесін алып шыққан.

«Ғарыш-Экология» Ғылыми зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жұмыс тобы тасымалдаушы зымыранның қосалқы блоктары түскен жердің географиялық координаттарын анықтады. Олардың барлығы бұрыннан белгіленген Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан Ю-25 аймағына (16, 49 құлау аудандары) құлады», - деп мәлімдеді кәсіпорынның директоры Жайлаубай Жұбатов.

«Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК қызметкерлері «Союз-ФГ» қосалқы блоктары түскен жерді экологиялық зерттеу жұмыстарын бастаған.

Соңғы жаңалықтар