Байқоңырдан «Союз 2.1а» зымыранын қайта ұшыруға дайындықты тікелей эфирден көрсетіп жатыр

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында ұшыруы екі тәулікке кейін шегерілген «Прогресс МС-07» жүк кемесі бар «Союз 2.1 а» тасығыш-зымыранын әуеге жіберуге соңғы дайындықтары аяқталып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Роскосмос сайтында Байқоңыр ғарыш айлағының 31 алаңындағы ұшыру дайындықтарын тікелей эфирден көрсетіп жатыр. Зымыранды әуеге жібері Астана уақытымен 14 сағат 46 минутқа белгіленген.

Ғарыш айлағының мамандары хабарлағандай, ескі, екі күндік бағдарлама бойынша ХҒС-ға жүк кемесін ұшыру туралы шешім қабылданды. 12 қазанда ұшырылмай қалған зымыранды алғаш рет қысқа, үш сағаттық жүйе бойынша жүргізу жоспарланған еді. 

Соңғы жаңалықтар