Байқоңырда кабель кескен ұрыны 3 жылға соттап жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен айыпталған Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық сотының сайты .

Сотталушы Ш. бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында,  Байқоңыр ғарыш айлағындағы орналасқан қоймаға заңсыз кіріп, «КПВБ-0 52*2,5 мм2» маркалы ұзындығы 831,6 метр кабельді кесіп жинап алған. Оны Ресей Федерациясының Байқоңыр кешеніндегі ІІБ-нің полиция қызметкерлері  ұстаған. Жәбірленушіге 4 536 767 теңге көлемінде мүліктік залал келтірілген.

Сот үкімімен сотталушы Ш. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге бас бостандығын айырылды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Соңғы жаңалықтар