Байкалда топ қасқырдан қашқан елік құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Байкал маңы ұлттық паркінің қызметкерлері Байкал көлінің жағасынан бір шақырым қашықтықта еліктің лағын тапты. Мұз бетінде жатып қалған жануар орнынан қозғала алмаған. 

Бұл туралы сейсенбі күні «Заповедное Прибайкалье» ФГБУ баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік инспекторлар жас елікті Төменгі және Орталық Хомут мүйістерінің аралығында жағалық рейд жүргізу барысында байқап қалған.

«Елікті мұзға жыртқыштар - қасқырлар қуып шығуы мүмкін. Ол жағаға қарай мұздың тайғақ болуы салдарынан қайта алмаған», - делінген хабарламада.

Ұлттық парк қызметкерлері мұздың бетіне мүмкіндігінше машинамен келген, артынан жануарды құтқаруға жаяу барған. Олар елікті көлікке дейін қолымен көтеріп, жағаға келгеннен кейін жіберді.

Елік қара жердің бетіне келгеннен соң есін жиып, Байкал маңы ұлттық паркінің тайгасын кіріп, көзден таса болды. 

Соңғы жаңалықтар