Байбек Наурызбай ауданы бойынша атқарылған жұмыстардың кешенді картасын жасауды тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімшілік орталығының құрылысы шілде айында аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданында өткізген көшпелі жиында салынып жатқан жол, инженерлік және коммуналдық желілердің барынша сапалы болып, мезгілінде пайдалануға берілуі тиіс екендігін ескертті.

Мегаполис басшысы жалпы атқарылған жұмыстар бойынша Наурызбай ауданының кешенді картасын жасауды тапсырды. 

Аудан әкімі Сайран Сайфеденов Наурызбай ауданының құрылғанына үш жыл толуы күні қарсаңында 1200 орынды мектептің, 500 адам қатынайтын аурухананың, аудандық ішкі істер департаменті мен әкімдік, ХҚКО, АХАЖ, прокуратура, сот және басқа қызметтік мекемелер орналасатын нысандардың пайдалануға берілетінін айтты. Бүгінгі күні олардың дайындығы 80-90 пайыз көлемінде абаттандырылған.  

Соңғы жаңалықтар