Баянауылда үш елдің студенттері қазба жұмыстарын жүргізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында Қазақстан, Моңғолия, Ресей елдерінің 150 географ және археолог студенттерінің басын қосқан «Хан Қорық» жастар фестивалі басталды. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ПМПИ проректоры Ербол Исақаев атап өткендей, Баянауылға 12 қазақстандық және төрт шет ел оқу орындарының студенттері аттанады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 Шараны QazaqGeography Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты және «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда.

«Ұлттық саябақ аумағында ғылыми-танымдық зертхана ашылып, тарихи-археологиялық, экологиялық-биологиялық және геологиялық-географиялық зерттеулер жүргізіледі. Жастар Торайғыр көліндегі аспан асты мұражайын тамашалап, қазба жұмыстарына қатысады, бұлақтарды тазалап, сирек өсімдіктермен жұмыс істемек. Студенттерді тосын сый күтіп тұр, біз Қырғыстан, Ресей мен Қазақстаннан реставраторларды шақырдық. 26 шілде күні Жасыбайда үш күндік турнир өтеді. Тарихи жекпе-жектерді қайта жаңғыртып, шараға 70-тен астам жас қатысатын болады», - деді Ербол Исақаев.

29 шілде күні қатысушылар «Ертіс думаны» мерекесін атап өтеді, 30 шілде күні экологиялық мәселелерге бағытталған дөңгелек үстелге қатысады.

Соңғы жаңалықтар