Баян Есентаева өзінің тегін өзгертті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал продюсер Баян Есентаева Facebook және Instagram сияқты әлеуметтік желілердегі аккаунттарында тегін өзгертіп жазды.

Ол Есентаева деген тегінен бас тартып, өзін Баян Мухитденова деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін танымал жұлдыз өзінің жан жары Бақытбек Есентаевпен арада болған жанжал туралы айтып берген болатын. Баян өзінің күйеуімен ажырасып кеткендігін растады.

Жақында күндерде Баян өзінің жазылушыларын Үндістаннан жолдаған суреттерімен қуантты. Ол өзінің құрбыларымен бірге демалып, әрі осы елде ем алып жүр. Сонымен қатар ол қазір ізденіс үстінде жүргендігін жаңа өзгерістерді күтетіндігін айтқан.

Айта кетейік, 10 мауысм күні Баян Есентаеваны аудандық ауруханаға жеткізіп, оған 3 сағаттық операция жасалды. Науқастың жағдайы ол кезде өте ауыр болатын. Ал, Баянның күйеуі Бақытбек Есентаев Талғар аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 106  «Денсаулыққа зақым келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы 18-қазан күні Талдықорған қаласында өтеді. Процесс жабық режимде өтіп жатыр. Есентаевтардың қызы Айсәуле Бақытбек сотта әкесін жақтамақшы. Істі алқабилер алқасы қарайды.

Соңғы жаңалықтар