Баян Есентаева мен Нұртас Адамбай жайлы сұрақтар тест тапсырмаларынан алынып тасталды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамда теріс пікір тудырған тест тапсырмалары нұсқаларында Баян Есентаева мен Нұртас Атамбаев есімдері кездеседі.

Қазіргі уақытта аталған сұрақ сынама (байқау) тест тапсырмалары базасынан алынып тасталды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және білім министрлігінің баспасөз қызметі.        

Атап айтқанда, 1 наурыз 2017 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған  «Бұдан кейін кино түсіремін бе, білмеймін...» мәтініне байланысты ҚР БҒМ түсіндірмесінде: "Халықаралық тәжірибе бойынша оқу сауаттылығын бағалауда әр түрлі форматтағы мәтіндер қолданылады. Бұл жалпылама және жалқы мәтіндер. Жалпылама мәтіндерге бір дүниені көркем-әдеби тілде суреттеу және техникалық сипаттамасын жасау, белгілі бір тақырыптарды талқылау, баяндау, ол туралы пікірін, көзқарасын білдіру жатады. Жалқы мәтіндерге ақпараттық парақшалар, хабарландырулар, шақырулар, кестелер және графикалар, диаграммалар, карталар т.б. кіреді», делінген.

Бұл жағдайда белгілі кинодраматург, режиссер Ермек Тұрсыновпен сұхбат пайдаланылған.

Дереккөз  https://www.dalanews.kz/17266   сайты болып табылады.  Дәл осы сұхбат Республикалық әлеуметтік-саяси газеті «Қала мен дала» сайтында 10.07.2016 жарияланған.

Берілген мәтінде белгілі тұлғаның жеке өмірі туралы сұрақ жоқ. Режисердің отандық кино саласына қатысты жалпы көзқарасы жазылған.

Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайдың есімдері сұхбат мәтінінде кездесетіндіктен, №14 тапсырмада дистрактор (бұрыс жауап) ретінде қолданылды. Осындай дистракторларды іріктеу әдісі тест тапсырмаларын шығару барысында (тестология саласында) қолданады. Оқушы алдында танысып, тест тапсырмасына жауап беруге тиесілі ақпарат алу үшін сұхбат мәтіні беріледі.

Оқу сауаттылығының сұрақтары келесі дағдыларды сынау үшін арналған: сөз мағынасын түсіну, мәтін құрылымын түсіну, дәлелдер келтіре білу, жеке ойы мен тәжірибесіне сүйене отыра ой қорыту.

Мәтін жоғарыда айтылған дағдыларды қалыптастыру, дамыту үшін, қабілеттерін тексеру үшін берілген.

Аталған мәтін байқау сынақтарының нұсқаларында ұсынылған.

Байқау сынақтарының нұсқаларында ҰБТ тапсырмалары «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған. Осылайша, интернет желісіне қолы жетпейтін, онлайн байқау сынағынан өтуге мүмкіндігі жоқ алыс түкпірдегі  аймақтардағы оқушыларға жаңа формат бойынша ҰБТ-ға дайындалу мүмкіндігі қарастырылған. Аталған газет арқылы оқушылар ҰБТ-да кездесетін тапсырмалар үлгілерімен танысып, емтиханға дайындала алады.

Соңғы жаңалықтар