Бауыржан Байбек мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысын талқылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жиын өтіп, қала басшысы Бауыржан Байбек басты проблемаларды шешу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бауыржан Байбек аталған жиында басқармалар басшылары мен аудандар әкімдеріне өндірістік жұмыстардың сапасына назар аударып, нысандардың дер кезінде берілуі тиіс екеніне аударды.

Қалалық әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, Алматыда инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс 3 бағытта жүріп жатыр: тұрғын үй- коммуналды шаруашылық инфрақұрылымын, жылу жүйесін, сумен қамту және судан бөлу жүйелерін модернизациялау,қайта жасау және салу.

«2015 жылдан бері қарай «Саялы», «Жас Қанат», «Алғабас-1» мен Универсиада обьектілерінде қажетті инфрақұрылыммен қамту үшін 81 шақырымдық инженерлік желілер салынды, 13,9 км инженерлік желі қайта жасалды. Биыл құны 9,9 млрд теңге болатын нысандар жаңарады, бұл 2016  жылмен салыстырғанда тозуы 1,5%-ға артық, ал шығынды 2,3%-ға, апатты 3,2%-ға азайтады. Бағдарлама қолға  алынғалы бері 2,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалпы алаңы 216,8 мың шаршы метр немесе 4 198 пәтерлі 85 үй пайдалануға беріледі, сонымен қатар әкімдік тарапынан осы мемлекеттік бағдарлама аясында 73 үй салынуда, оның 24-і биыл іске қосылады.

«Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша 2015 жылдан бері қарай жалпы құны 4,8 млрд теңге болатын сумен қамтудың 141 км жаңа желісі, 96 км кәріз жүйесі тартылды. Жалпы 2016 жылы 467,2 км инженерлік желі жаңартылды және салынды. 2017 545 км инженерлік желілерді салу және қайта жасау жоспарланған, оның құрамына  судан бөлу, сумен, газбен, жылумен, электрмен қамту енген. Бағдарлама аясында өткен жылы 37 үй жөнделді, 47 лифт жаңартылды. 2017 жылы 245 үй  (94 үйдің 199 лифті жаңарады, 151 үйдің подъездері, шатырлары мен маңдайшалары реттеледі) жөнделеді», делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.

Индустриалды-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматының кәсіпкерлікті қолдау картасына құны 190 млрд теңге болатын әрі 12 мың жаңа жұмыс орнын құратын 100 жоба енген.

2015 жылдан құны 35,6 млрд теңге болатын және 2,7 мың жаңа жұмыс орнын құратын 33 жоба жүзеге асырылып жатыр. Барлық кәсіпорындар жоспар бойынша жұмыс істеуде, олардың жүктемесі 70% және одан да жоғары. Жыл аяғына дейін жалпы құны 59 млрд теңге болатын және 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашатын тағы 22 жоба қолға алынады.

Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай «БЖК 2020»бағдарламасы аясында 2015 және 2016 жылдары 2,5 мың жаңа жұмыс орнын  ашуды қамтыған 448 жоба орындалды. Соның  арқасында, 15,5 мың жұмыс орны сақталды. Биыл субсидия, грант және кепілдікке  4,4 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, 1,6 мың жұмыс орны ашылды, 7,3 мың жұмыс орны сақталды.

Қалалық әкімдің хабарлауынша, «Жібек жолы»  өңірлік бағдарламасына 2015 жылдан «Даму» қорымен бірген тепе-теңдік негізде 175 жобаны қолдау үшін 10,7 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаға қатысушылар 2016 - 2017 жылдары 1,2 млрд теңге салық төледі, 550   жаңа жұмыс орнын  ашты,1,2 мың жұмыс орнын сақтап қалды. Жеті айдың қорытындысы бойынша қалада ШОБ субьектілерінің қатары 7,3% -ға өсіп, 172,9 мыңға жетті. ШОБ жұмыс істейтіндердің саны 2017 жылдың бірінші тоқсанында  581 мың адамды құрап, 2,4%-ға өсті.

Үстіміздегі жылдың 7 айының қорытындысы бойынша барлық бағдарламалар бойынша маңызды мәселелер жүзеге асты,оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру салалары, «Рухани жаңғыру» және басқалары бар. Алматыда ғылым мен білімді дамыту Бағдарламасы бойынша 2016 жылы 1-ші сынып оқушыларын тегін оқулықтармен, оқу- әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету 100 пайызға орындалды,

2017 жылы 2-ші, 5-ші, 7-ші сыныптар білім берудің жаңа жүйесімен қамтылады. Биылғы жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша қала оқушылары алтыншы жыл қатарынан республикада бірінші орынды иеленді. Бағдарламаның басқа да көрсеткіштері бойынша биік межелерге қолжетті.

Соңғы жаңалықтар