Бауыржан Байбек көше музыкантына қолтаңба берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жақында  қайта жаңғыртудан өткен Панфилов көшесін аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған көше жаяу жүргіншілерге арналып жасалған болатын.

Инстаграмдағы kris_p_rezerv паблигінде жарияланған видеоға сәйкес көшені аралап келе жатқан қала басшысы баянда ойнап отырған ер адамның музыкасын ұйып тыңдап қалған.

Сонан соң еңкейіп қорапқа 200 теңге салды. Әкімді байқаған музыкант әкімнен қолтаңба сұраған. Қала басшысы нота парағына қолтаңба қалдырды.

Вчера я побывала на открытии обновленной улицы Панфилова в Алматы. Встретила там акима Бауыржана Байбека,он был достаточно открыт,подал монетку уличному музыканту,оставил ему автограф и пообещал выдать специальное удостоверение. Эта улица открыла прекрасный вид на театр и горы. Сходите и оцените сами)))#алматы#уличныймузыкант#байбек @shimanskaya_polina #Алматы #Астана #Караганда #Шымкент #Туркестан #Жетысай #Сарыагаш #Актобе #Атырау #Павлодар #Тараз #Кызылорда #Семей #Кокшетау #Темиртау #Жезказган #Балхаш #Талдыкорган #Костанай #Орал #Петропавл #Оскемен #Актау #Экибастуз #Мангистау #Kz

A post shared by Основную Блокнули (@kris_p_rezerv) on Sep 17, 2017 at 2:59am PDT

Сондай-ақ, әкім Сергей есімді музыкантқа осы жерде жұмыс істеуіне рұқсат беретін құжат рәсімдеуге уәде берді.

Айта кету керек, биыл жазда Алматының орталығының 1/3 бөлігі жөндеуден өтті.

Атап айтқанда, Панфилов, Жібек жолы, Қабанбай батыр, Гоголь көшелері, Астана алаңы қайта жасалды.

Соңғы жаңалықтар