Батысқазақстандықтар МӘМС қорына 1,2 млрд астам теңге аударды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат -Батысқазақстандық тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1,2 млрд астам теңге аударды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ БҚО бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, аталмыш мекеме 2018 жылы қазақстандықтарға  сақтандыру төлемдері жайлы мәлімет алуға мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік қызмет түрлерін әзірлеп, емханаға тіркеу қызметін жетілдіруді жоспарлап отыр. Өткен жылдың қараша айында «МСҚ: Халықтық бақылау» қосымшасы іске қосылған болатын. Бұл еліміздегі ауруханалар мен емханалардың атқарып жатқан жұмысын тұтынушылар тарапанынан бағалап және олардың жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Бүгінде «Халықтық бақылау» мобильдік қосымшасына Батыс Қазақстан облысынан 41 (облыстық және қалалық) ұйым тіркелсе, соның алтауы -  жеке медициналық ұйым.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарналар 2017 жылдан аударыла бастағаны мәлім. Жүйе іске қосылған шілде айынан бері жалпы қорға аударылған жарналар мен аударымдар мөлшері 38 млрд теңгеге жуықтады. Ал БҚО-ның ағымдағы кезеңдегі кірістерінің жалпы сомасы 1 млрд 208,476 млн теңгені құрады (179830 салық төлеушіден). Оның ішінде жеке кәсіпорындардан түскен аударымдар сомасы 206 млн 261,346 мың теңге болса, төлеушілер саны - 20184. 2017 жылы қор тұңғыш рет тіркеу нау­қа­нын өткізді. Қыркүйек айында бас­талған дәстүрлі шара екі айға созылды. Ол бұрын-соңды тіркеуге тұрмаған тұрғындарға қалаған емханаға тіркелуге мүмкіндік берді. Аталған науқанға  облыстық медицина ұйымдары да қатысты. Науқан кезінде өңірде 661815 адам тіркелсе, соның 343276-сы - қала, 318539-ы - ауыл тұрғындары, 395-і - шетелдіктер.

Бүгінгі таңда қор халықпен кері бай­ланыс орнатуға, ашық жұмыс істеу­ге барын салып отыр. Бұл - қор қыз­метіндегі басым бағыттардың бірі. Осыған орай тоқсан соңына қарай азаматтар МӘМС жүйесіне қатысу және төленген жарналар туралы мәліметті халыққа қызмет көрсету орталықтарынан "Электронды үкіметтің" egov.kz порталы арқылы алу мүмкіндігіне ие болмақ. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Цифрлық қолтаңбасы бар кез келген азамат жеке кабинетке кіріп, МӘМС төлемдерінің соңғы рет қашан жасалғанын анықтап біле алады. Ал бұл қызмет ХҚКО арқылы көрсетіле бастағаннан кейін тұрғындар өз атына аударылған жарналар мен аударымдар туралы мәліметті, сондай-ақ МӘМС жүйесінің қатысушысы деген анықтама қағазын да сол жерден ала алады.

«Заң бойынша қор тек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ғана емес, осы кепіл­дендірілген тегін медициналық көмек пакетінің де операторы болып табылады. Сондықтан қор қазір заңда көрсетілген міндеттерін атқаруға кірісіп кетті. Қордың өңірлік филиалы аталған бағдарлама аясында қызмет көрсетуден үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын жасады. Дерекқорға мемлекеттік тапсырысты орын­дауға мүдделі 54 медициналық ұйым енді. Оның 36-сы қалалық, 18-і аудандық медициналық ұйымдар болса, 41-і мемлекеттік, 13-і жекеменшік клиникалар болып табылады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда көп. Және бұл жекеменшік ұйымдардың да қор бастамасын қолдап, медициналық қызмет көрсетуде белсенділік танытып отырғанын көрсетеді», - деді Н.Жұмағұлова. 
null 

Соңғы жаңалықтар