Батысқазақстандық ақын республикалық айтыста бірінші орынды иеленді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық Талғат Мықи Алматы қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында мәреге жеткен «Білімдіге дүние жарық» республикалық ақындар айтысында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры мен «Жәдігер жастары» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған додаға еліміз қалаларынан жасы отызға дейінгі 12 ақын қатысып, бақ сынады.

Бас жүлдені тараздық Әсет Дүйсебаев еншіледі.

«Халықтың айтысқа ықыласы ерекше ғой, бұл жолы да студенттер сарайы лық толы болды. Мен Астанадан келген 8-сынып оқушысы Диас Өтепбергенмен сөз қағыстырдым. Айтыс соңында: Ағасы ізгілікке бет тірейді, Демеңдер, өзегінен тепкілейді. Қабілетін аштым деп айттым жаңа, Осындай інілерді текті дейді. Енді бағын ашайын бұл баланың, Бұйырса, басына бақ кеп түнейді. Сондықтан өз жолымды бермекшімін, Диасқа Талғат ақ жол бек тілейді. Шынайы пейілменен беріп тұрмын, Айтысты аяқтар кез жетті дейді, Ұрпақ қамын ойлайтын нағыз ұстаз, Өзімнен шәкірт озсын деп тілейді, деп жолымды бердім», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Талғат Мықи.

null  

Айта кетейік, жазба өлеңмен де дендеп айналысып, кітап шығарып үлгерген М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі Талғат Мықи қазіргі кезде Оралдағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында қызмет атқарады. Ол бұдан бұрын да республикалық айтыстарда жүлде алып жүргенімен, бірінші орынға алғаш рет көтеріліп отыр. 

Соңғы жаңалықтар