Батыс Қазақстанда Тәуелсіздік күніне орай бірнеше нысан ашылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Тәуелсіздік күніне орай Батыс Қазақстан облысында бірнеше нысан ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Зеленов ауданы орталығында «Менің елім» монументі бой көтерді. Оның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов бұл монументтің Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің қолдауымен тұрғызылғанын жеткізді. Оған мемлекеттен қаржы жұмсалған жоқ. Бұл батысқазақстандықтардың рухани жаңғыру бағытында бірлесіп іс тындырып жатқандығын тағы бір дәлелдейді.
null 

null 

Жоба құны - 18 млн теңге. Монументтің биіктігі 14 метр болса, ені - 1,3 метр. Монумент авторы - Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ерғали Бекешев.
null 

Сонымен қатар осы аудан орталығында жаңадан салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жалпы алаңы 1247,2 шаршы метр ғимарат құрылысына облыс бюджетінен 281,2 млн астам теңге бөлінді.
null null 

«Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі жиырма алты жыл ішінде Елбасымыздың бастауымен көптеген табыстарға қол жеткізіп келеді. Соның айғағындай Тәуелсіздік мерекесіне орай өңірімізде де жаңа нысандар ашылуда. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыста биыл төрт бірдей спорт нысаны салынып жатса, соның бірі - осы кешен. Енді мұнда тұрғындар спортпен тұрақты айналысып, денсаулықтарын шыңдап, тың табыстарға қол жеткізе алады. Қасиетті мереке қарсаңындағы осынау біздің қуанышымызға бокстан қос бірдей олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов пен Данияр Елеусінов ортақтасып отыр», деді Алтай Көлгінов. 
 null 

Соңғы жаңалықтар