Баталов Үкімет басшысына Қырғауылды ауылындағы су тасқыны туралы мәлімдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа өңір әкімі Амандық Баталов Қарасай ауданы Қырғауылды ауылындағы су тасқыны жағдайы туралы мәлімдеді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Премьер-Министр Сағынтаев облыс әкімі Баталовқа ҚР ІІМ-мен бірлесіп, оқиға салдарын жоюдың қажетті шараларын қабылдап, аталған мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Еске сала кетейік, 27 сәуірде Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылы арқылы ағатын ауылмен аттас өзен жауынның мол жаууының салдарынан тасып, су деңгейі көтерілген болатын. Соның салдарынан Қырғауылды ауылының бірқатар учаскесінде, сондай-ақ облыстық маңызға ие «Алматы - Жандосова» трассасында су тасқыны орын алды.

Соңғы жаңалықтар