Басқарма басшысы «Руxани жаңғыру» жарнамасына немқұрайлығы үшін сөз естіді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қалалық мәслиxаты жанындағы қоғамдық кеңес отырысында сыртқы жарнаманы орналастыру тәртібі қаралды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған мәселе бойынша сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі Бақтыбай Тайталиев баяндама жасады. Ал сұрақ-жауапқа көшкенде кеңес төрағасы Сансызбай Есілов «Руxани жаңғыруға» арналған бір жарнама мәселесін көтерді. «Мәселен, бұрынғы қарттар үйінің қабырғасында «Руxани жаңғыру» деген жазудың жарық диодтары күйіп кеткен бе, «Руxани жан» болып қалды. Сонда «Руxани жан» деген кім? Ол Тайталиев (басқарма басшысы - авт.) емес пе? Сол жарнама екі аптадай тұрған шығар. Жаңа жылға дейін жартысы күйіп кетті де, әлі тұр. Ешкім қарап жатқан жоқ. Жарайды, боран болды, кейбір жарнамалар сынып қалды. Оны түсінуге болады. Алайда жаңағыдай нәрселер еліміздің саяси өміріне немқұрайлық танытумен бірдей. Байқап жүріңіздер!», - деді С.Есілов.
null 

Бұдан бөлек, кеңес мүшелері сыртқы жарнамалардың қателерін де еске салды. Б.Тайталиевтің айтуынша, грамматикалық қателерге тіл басқармасы жауапты. Ал сәулет және қала құрылысы басқармасы жарнамаларды орналастыру шараларын бақылайды. «Сіздердің айтқандарыңыз дұрыс, қалада қателер кезедеседі. Орынсыз жазулар да бар. Бірақ біздің міндеттеріміз солай жазылған. Мәселен, біз сыртқы көрінісі, орны мен эстетикалық сәйкестігіне жауап береміз. Ал мәтінге заң бойынша тіл басқармасы жауапты. Біз де көреміз, байқаймыз. Бірден соларға жібереміз», - деп атап көрсетті Б.Тайталиев.
null 

Ал «Руxани жаңғыру» сияқты жарнамаларға аудандық әкімдіктер жауапты. Дегенмен, кеңес мүшелері осы саладағы жұмысты бір-біріне сілтемей, бірлесіп атқаруға кеңес берді. Біреуі «көлік жуудың» бір әрпі істемей қалып, «өлік жуу» болып кеткенін де еске алды. Кеңес төрағасы Сансызбай Есілов болса, саяси жарнамаларды түзетуді көпке созбау қажеттігін жеткізді. «Дүйсенбі күні мен жұмысқа бара жатқанда міндетті түрде қараймын. Түзететін болыңыздар», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар