Бәсекеге қабілетті білім бәрін жеңеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.         АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту.    АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту.    АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту. 

 Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», деп атап өткен болатын.

Осыған байланысты экономиканы, соған сәйкес Білім және ғылым министрлігінің міндеттерін жаңғырту жолында білім беру жүйесінің рөлін қайта бір ой елегінен өткізудің маңызы ерекше. Біз бұл мақалада білім саласында жеткен жетістіктерімізді емес, қордаланған өзекті мәселелерге тоқталу мақсатын қойдық. Олардың біразын тізбектеп кетсек: жоғары оқу орындарында профессорлық-оқытушылар құрамы тұрақталмаған; білім беру бағдарламаларының мазмұны нарық талаптарына сай  қамтылмаған; үш тілді білім беру бағдарламалары толыққанды енгізілмеген; жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті тиімсіз пайдаланылады, университеттік ғылыми көрсеткіштер өте төмен; профильдік докторантурада кадрларды дайындауға грант бөлінбейді; постдокторантура жоқ; мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі шешілмеген; инновациялық құрылымды қолдаудың институттық нысандары толық дамымаған; өркениетті  елдермен салыстырсақ, біздің  ғылыми зерттеулер үлесіміз он есе төмен; қаржыландырылатын ғылыми-зерттеулік жобалардың 0,1% ғана коммерцияландырады; инновациялық парктер, старт-ап аймақтар және конструкторлық бюролар инфрақұрылымдары дамымаған; жатақханаларда студенттерге орын жетіспейді; университеттік ғылымды бизнес құлықсыз қаржыландырады, өндіріспен тиімсіз жұмыс жүргізіледі; ведомствоаралық кедергілер, сондай-ақ жеке секторда экономикалық ынталандыру шараларының болмағандығынан білім, ғылым және өнеркәсіп салалары тиімді біріге алмай жатыр.

Білім беру сапасының критерийі оқу орындары түлектерінің білімін аттестаттау емес, олардың еңбек нарығындағы кәсіптік қажеттілігі болуы шарт. Сонда ғана білім беру саласындағы өкілетті органның рөлі білім беру субъектілерінің қызметін бақылаумен ғана шектелмей, осы бағыттағы бірлескен күш-қимылдарды үйлестіруді, оларға қолдау көрсету және озық үлгілі идеялар мен технологияларды дайындап шығаруды қамтитын болады.

Барлық жоғары оқу орындарының дербестігі мен теңдігін заңдық тұрғыда бекіткен жөн. Шет елдердің тәжірибесі білім берудің сапасы сандық емес, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, оқыту, ресурстармен қамтамасыз ету, оқытушылар құрамының кәсіптік құзыреті және халықаралық қызметті ұйымдастыру деңгейлеріне, сондай-ақ, аккредиттеуден өтуі және басқа осы сияқты сапалық факторларға тікелей байланысты екендігін көрсетеді.

Отандық ғалымдар еңбектерінің қазақстандық ғылыми метрикалық базасын құру қажеттігі пісіп-жетілді. Бізге отандық ғалымдар еңбектерінің беделін шетелдік ғылыми метрикалық мәліметтеріне қарамастан көтеру керек.

Педагог мамандардың еңбегіне ақы төлеу өте өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр. Еліміздегі білім саласы қызметкерлерінің орташа еңбекақысы Қазақстан бойынша орташа еңбекақының 62 пайызын құрайды. Ал педагогтер арасында барынша аз алатындар - мектепке дейінгі білім педагогтері - 41%. Жоғары оқу орындарының орташа еңбекақысы жөнінде айтар болсақ, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдердегіден әлдеқайда төмен.

«Ертеңін ойламаған ел азады», дейді халық даналығы. Барын бағалап, жоғын саралап отыратын, өскелең ұрпағына талапқа сай байыпты білім, қалыпты тәрбие бере білетін ел озады. Сол тұрғыда қазақстандық жоғары білім жүйесі де бәсекелестікке қабілетті болуы шарт. Өйткені, бәсекеге қабілетті білім бәрін жеңеді.

Соңғы жаңалықтар