Бас прокуратура үлестік құрылыс туралы заңнаманың талаптарын түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманың қолданылуын түсіндіруге бағытталған жиналынс өтті, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Аталған жиынға Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун, прокуратура Департаментінің аға прокуроры Ринат Атембеков, Инвестициялар және даму министрлігі мен «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, сондай-ақ 200-ге жуық құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.

Бүгінде әкімдік 23-тен аса объектілерде баспаналарды сату туралы заңсыз жарнамаларды анықтап, осы фактілерді құзырлы органдарға хабарлады. Олар бойынша материалдар Ішкі істер мен Мемлекеттік кірістер департаменттеріне  қажетті шараларды қабылдау үшін берілді.

Бас прокуратураның қызметкері «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының талаптарын бұзбау жөнінде құрылыс компаниялары өкілдерін алдын ала ескертті.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының 3-бабы 2-тармағына сәйкес тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып тартуға тыйым салынады», - деді жиын барысында Ринат Атембеков.

Сонымен қатар отырыста«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының талаптарын жан-жақты түсіндірілді және осы салада заңнаманы бұзу әкімшілік және қылмыстық  жауаптылыққа алып келетіндігі айтылды.

Соңғы жаңалықтар