Барселонада зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала ақпарат бойынша Барселонадағы теракты салдарынан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл алдын ала мәліметтер. Анықтау жұмыстары жалғастырылуда. Қазақстанның Барселонадағы консулдығы жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерімен тығыз байланысты ұстауда», - деді Әнуар Жайнақов.

Еске салсақ, бейсенбі күні кешкісін Барселона орталығында пикап халықтың арасымен жүріп өтті. Барселона полициясы қаланың туристік орталығында адамдарға жасалған қастандықты теракті деп есептейді. 

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге Барселона қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады .

Соңғы жаңалықтар