Бәрі Головкиннен рингке шықпай тұрып жеңіліп қалады - Джейкобс

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) WBA/WBC/IBF чемпионы Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) жеңу үшін психологиялық күштің маңызды екендігін айтты, деп жазады Sports.kz.

«Головкиннің қуаты - менің басты мәселем болып отыр. Мен барлық боксшылар Головкинмен рингке шықпай тұрып одан психологиялық тұрғыда жеңіліп қалады деп санаймын. Сондықтан мен тек физикалық тұрғыда ғана емес, ментальдық тұрғыда да дайын болуым керек. Мен бар күшімді пайдаланып оны жеңуім керек. Бұл бір керемет кеш болғалы тұр», - деген Джейкобстың сөздерін келтіреді Boxing Scene.

Соңғы жаңалықтар