Балқаштың жолы жөнделмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Балқашта 2018-ші жылы жол жөндеу жұмыстарына 1 млрд теңге шамасында қаражат жұмсалады. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімнің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Орташа жөндеу ағайынды Мусиндер, Амангелді, Әлімжанов, Металлургтер көшелерінде, М.Русаков атындағы шағын ауданда, сондай-ақ Қоңырат кентінің Горняцкая көшесінде жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға шамамен 400 млн теңге қажет болады. 

Ленин көшесінде 3 шақырым жол қабаты қайта қалпына келтіріледі. 
Балқаш қаласында сонымен қатар аулаларды абаттандыру жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр - бұл мақсаттарға 300 млн теңге бөлінген. Тізімге Сейфуллин, Бөкейханов, Ленин, Молдағұлова, Қараменде би көшелеріндегі, С. Мұхамеджанов ықшам ауданы мен Чайковский тұйық көшесіне қарасты аулалар кірген.

Сондай-ақ Қоңырат ықшам ауданында бірнеше алаңдар қалыпқа келтіріледі. Аулаларда орындықтар орнатылып, жаяужолдар мен жарықтандыру жүйесі жөнделеді. Сәбитова ықшам ауданында жаңа ойын алаңы пайда болады. 

Соңғы жаңалықтар