Балқаштағы 18 жасар қыздың өліміне күдікті ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқашта 18 жастағы қыздың өлімі әшкереленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Қыздың тұлғалық бейнесі анықталмағанымен, полиция қызметкерлері оның туыстарын тез тапты.

«Қылмысты ашу үшін криминалды полиция қызметкерлерінің қыздың танылмаған бейнесін анықтауы керек болды», - дейді Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

«Бақылау камераларындағы жазбаларды тексеру барысында қыздың жігітпен гараж жаққа өтіп бара жатқаны анықталды. 18 жастағы қыздың тұлғасы бір тәулік ішінде танылды. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жасар қала тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін толықтай мойындап отыр», - дейді Бақытжан Құдияров.

Жігіттің 18 жастағы қызды өлтіруінің себебі анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. 

Соңғы жаңалықтар