Балқашта топпен зорлау ісі бойынша айыпталушылар 13 жылға кесілуі мүмкін

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Прокуратура топпен зорлау ісінің екі фигурантының әрбіріне 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрап отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Осы іс Алматыда өткен баспасөз конференциясында жәбірленуші қылмыскерлердің жазаға тартылмай жатқаны туралы айтқаннан кейін елді дүрліктірген болатын. Бас прокуратура істі дереу өз бақылауына алды. Прокурор екі айыпталушыны Қылмыстық кодекстің үш бабы: 125-баптың («Адамды ұрлау») 2-бөлігі, 121-баптың («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») 2-бөлігі және 120-баптың («Зорлау») 2-бөлігі бойынша айыпты деп тауып, олардың әрбіріне 13 жыл бас бостандығын айыру жазасын беруді сұрады.

«Үкім оқылатын күн анық емес. Судья Марат Башанов сот тергеуін аяқтады, сотталушылар соңғы сөздерін айтқаннан кейін, ол кеңес залында оқшау қалады», - деп мәлімдеді Балқаш қалалық сотының кеңсесіндегілер.

Еске сала кетейік, Нұргүл Құсылбекованың полицияға айтуынша, 2016 жылдың тамызында Балқаштың екі тұрғыны оны молаға алып барып, күрекпен ұрған, оны қорлаған. Олар қызды қабір қазуға мәжбүрлеген. Қылмыстық іс бірнеше рет тоқтатылған, айыпталушылар ұсталмаған болатын. Полицияға шағымданғаны үшін кек алуынан қорыққан жәбірленуші Балқашты тастап, Теміртау қаласында пәтер жалдап тұрған.

Соңғы жаңалықтар