Балқашта студент әкесінен алимент өндіріп алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Түмен мемлекеттік медициналық университетінде оқитын ресейлік студент әкесінен алимент өндіріп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметіндегілердің мәлімдеуінше, шағымданушы өзінің кәмелетке толмағандығы және Түмен мемлекеттік медициналық университетінде оқитындығына байланысты жауапкерден өзін асырауға кететін қосымша шығындар үшін оқуы аяқталғанға дейін ай сайын 13 АЕК көлемінде қаржы сұраған.

«Сот шағымданушының туу туралы куәлігіне сәйкес, жауапкер оның әкесі екендігін анықтады. Талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Жауапкерден арыз берушінің пайдасына кәмелетке толмаған, жоғары оқу жүйесінде білім алатын балаға 2017 жылдың наурызынан оқуы аяқталғанға дейін 13 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы алимент өндірілді», - деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Баланың әкесі ол өзін-өзі қамтамасыз ете алады деп санап, оны асырауды қаламаған болатын.

Соңғы жаңалықтар