Балқашта «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Балқашта қаланың 80 жылдығына арналған «Еңбек жолы» байқауының қорытындысы шығарылды. Шараның мақсаты - жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын алға жылжыту. Марапаттау салтанаты М. Хамзин атындағы Металлургтер мәдениет сарайында өтті, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Байқау үш номинация бойынша өтті: «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істеуші жастардың үздік тәлімгері» және «Кәсіпорынның үздік жас жұмыскері».

Бұл атаққа қаланың 8 кәсіпорын мен ұйымдарынан жиналған 38 үміткер бақ сынады. Жеңімпаздарды қала тұрғындары өздері әкімдік сайтында өткізілген онлайн-дауыс беру арқылы анықтады.

«Ең үздің еңбек әулеті» номинациясында бірінші орынды жалпы жұмыс өтілдері 104 жылды құраған Керімбаевтар әулеті жеңіп алды. Әулет басшысы Қанат Керімбаев «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балқаш жөндеу-механика арнайы басқармасында дәнекерлеуші-жөндеуші қызметін атқарады. Осы кәсіпорында оның төрт ағасы, ұлы және немере інісі жұмыс істейді. Олардың әкесі мен атасы Дәукен Қауанұлы 25 жыл бойы мыс балқыту цехында балқытушы-жүктеуші болып істеген.

Екінші орында - Дидиктер әулеті. Олардың жалпы жұмыс өтілі - 118 жыл. Үшінші орын Ыбыраевтар әулетіне бұйырды - қызы мен анасы жалпы есептегенде «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-де 71 жыл қызмет атқарған екен.

Жұмыс істеуші жастардың үздік тәлімгері «ТТМӨЗ» АҚ орталықтандырылған жөндеу цехының токарі Валентина Мозаль деп танылды. Ол 50 жылдан астам өзінің сүйікті ісіне адал болған. Зейнетте бола тұра, жұмысын жалғастырып, жастарға бар білгенін үйретуден жалығар емес.

Бұл номинацияда екінші орын «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалының Балқаш дистанциясы және байланысының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жетекші инженері Азамат Ықыласбековке бұйырды.

Үшінші орында - «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС блоктардың ауа таратқышының аппаратчигі Амангелді Жақыпбеков.

«Кәсіпорынның үздік жас жұмыскері» номинациясында «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалының Балқаш дистанциясы және байланысының өндірістік оқу шебері - 27 жасар Олжас Ермағамбетов жеңімпаз атанды. Жасына және аз жұмыс өтіліне қарамастан ол техникалық процессінде өзін жақсы ұйымдастырушы және өнертапқыш ретінде көрсете білген.

Екінші орынды Андрей Головатовқа берді. Ол да осы филиалда Балқаш пайдалану локомотив депосының инженер-технологы қызметінде істейді.

Үшінші орында - «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС мыс және эмаль сымдар өндіру цехінің өтінімдерді құрау бойынша маманы Ольга Левченко болды.

Лауреаттарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар