Балқашта бір ай бұрын жоғалып кеткен балықшының денесі табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері 21 наурыз күні түнде джиппен мұздың астына түсіп кеткен Балқаш тұрғынының денесін тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Оның денесі АН-2 ұшағымен аумақты әуеден барлау барысында  оқиға орнынан шығысқа қарай бір жарым шақырым жерден Техснаб кентінің аумағындағы Бертыс айлағынан сағат 10:50-де табылды», - деп хабарлады ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Айдана Жүніс.

«Ниссан Терано» джипі 21 наурыз күні шығарылды, алайда оның салонында ер кісі болмады. «Үш суасты видеокамерасы жұмылдырылды, сүңгуірлер осы уақытқа дейін тәулік бойы су бетін бақылады», - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Республикалық және халықаралық конкурстарда бірінші орын алып жүрген ең үздік сүңгуірлер тартылды.

Еске салайық, 21 наурыз күні төрт балықшы Қарағанды облысындағы Балқаш көлінде мұз астына түсіп кеткен. «Ниссан Терано» автомобилінің жүргізушісі үш жолаушымен бірге Балқаштан екі шақырым жердегі көлдің мұз қатқан бетімен жүрген. Жұқа мұз қабаты жарылып, көлік пен адамдар суға кеткен. Құтқарылған үш ер кісінің айтуынша, олар джиптің салонында болғанда балықшы достарын су бетіне шығарған. Бірақ, өзі үлгермеген.

Соңғы жаңалықтар