Балқаш көлінде балық аулауға тыйым салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда уылдырық шашу маусымы басталды. Осыған байланысты Қарағанды облысында 20 сәуірден 20 мамырға дейін көксерке балығын аулауға тыйым салынды.

Сонымен қатар, 1 мамырдан 1 маусымға дейін аймақтағы су қоймаларында тұқы мен сазан аулауға болмайды. 

Мұнымен қоса, 15 сәуірден бастап Балқаш көлінде балық аулауға болмайды. Тыйым 1 маусымға дейін күшінде болады. Бір жарым айдың ішінде көл арқылы уылдырық шашатын балықтар өтеді. Осы уақыттың ішінде белсенділер көлді балық аулайтын торлардан тазартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты .

Соңғы жаңалықтар