Баласы бірнеше күн шұңқырда болған павлодарлық әйел 60 күнге қамалуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш күннен кейін тереңдігі екі метр шұңқырдан табылған Артурдың 42 жастағы анасы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Павлодар қаласының білім беру бөлімі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына әйел адамды ата-ана құқығынан айыру туралы арызданды.

«Артурдың анасына ҚР ӘҚБК-нің 127-бабы, 1-тармағы - «Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы» бойынша жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде  және осы заңға сәйкес132-бабы, 2-тармағы - «Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру»  бойынша 30 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады», - деді қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Тимур Қалин.

Сонымен қатар, Артурдың анасына қатысты ҚР ҚК-нің 140-бабы, 1-тармағы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нәтижесінде оған 200 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 180 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 60 күнге қамалады.

«Қазіргі Артур облыстық балалар ауруханасының соматика бөлімінде жатыр. Ертең оны шығарады. Кейін ол балалар мен жасөспірімдерді баспанасына жіберіледі. Жалпы, өңірімізде ата-ана құқығынан айырылып, баласын қайтарғандар сирек кездеседі», - дейді қалалық білім басқармасының қорғаншылық секторының меңгерушісі Орынбасары Темірболатова.

Соңғы жаңалықтар