Балалардың сүйіктісі – «Найзағай Маккуин» қазақ тілінде сөйлемек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «AraiMediaGroup» студиясы «Disney» және «Pixar» өнімі жаңа анимациялық «Көліктер-3» мультфильмінің дубляж жұмыстары аяқталғанын, аударма жұмыстарына 100 адам қатысқанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Найзағай Маккуин» осымен екінші рет қазақ тілінде сөйлегелі отыр. Бұған дейін 2011 жылы «Көліктер-2» мультфильмі голливуд өнімдерінің ішінде алғаш болып дубляждалған болатын.

null

Жобаны «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Marwin» компаниясы іске асырды. Нышанбек Жұбанаев осы жола да Найзағай Маккуиннің дауысын салса, ал оның досы Мэтрдың дауысын 2011 жылы осы образды сомдаған Азамат Қанапия нақышына келтірген.

null

Мультфильм еліміздің барлық кинотеатрларында 15-ші маусымнан басталады.

Соңғы жаңалықтар