Бала құқығы жөніндегі уәкіл қызметі сенім телефонын іске қосты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде Бала құқығы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның бастамасымен 111 нөмірлі бірыңғай байланыс орталығы ашылды. Бұл туралы Бала құқығы жөніндегі уәкіл қызметінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, орталықтың мақсаты - балалар мәселесі мен кризисті жағдайларын оперативті түрде шешу болып табылады.

Байланыс орталығы тәулік бойы әрі тегін жұмыс істейді. Балалар аталмыш желі бойынша, яғни 111 нөміріне хабарласып, жасырын түрде көкейдегі сұрақтарын қойып, кез-келген көмек сұрай алады.

Бір айтарлығы, қоңыраулар тек қана шұғыл жағдайларда ғана емес, белгілі бір мамандарды жұмылдыруға да көмектесе алады. Барлық қоңыраулар бойынша рухани қолдау мен көмек көрсетіледі.

Сенім телефоны идеясы балаларға бағытталған қылмыс пен зорлықтың азаюына сеп болып, оларға моральды, рухани көмек көрсетіп, әрі кез-келген сұрақтар бойынша кеңес беруге арналған.

Соңғы жаңалықтар