Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті сыйлықтарының иегерлерін марапаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Индустрияландыру күні аясында өткізілген шараларға қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

«Қазмедиа» орталығында «Алтын сапа» ҚР Президенті сыйлығының лауреаттарын, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.  

null  

Индустрияландыру күні барысында Премьер-Министр «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ең үздік кәсіпорын» аталымы бойынша «Ордабасы Құс» ЖШС-на ҚР Президентінің «Алтын сапа» арнайы сыйлығын табыстады. 

Бақытжан Сағынтаев «Парыз» сыйлығының алтын мүсіншелерін мына аталымдар бойынша бірінші орын алған кәсіпорындар: «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын» - «BI GROUP» холдингіне, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша «Өмірзақ-Сервис» ЖШС-не, «Үздік ұжымдық шарт» аталымы бойынша «Сағыз Петролеум Компани» ЖШС-не, «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша бірінші орын иегері «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-не табыстады.

null  

Биыл «Парыз» республикалық байқауына қатысуға еліміздің барлық өңірлерінің 501 кәсіпорыны өтінім берген.

Марапаттау рәсімінің соңында Мемлекет басшысының қатысуымен 23 индустриялдық жоба ұсынылған Жалпыұлттық телекөпір өтті.

null

Соңғы жаңалықтар