Бақытжан Сағынтаев Бүкіләлемдік банк өкілдерімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту мәселелері бойынша Бүкіләлемдік банк өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Бүкіләлемдік банк сарапшыларымен бірлесіп жасаған 2017-2022 жылдарға арналған инвестиция тарту бойынша ҚР Ұлттық стратегия жобасы қаралды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Kazakh invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы құрылды. Компания Қазақстан Үкіметінің атынан трансұлттық компаниялар және ірі инвесторлармен бірыңғай келіссөз жүргізуші ретінде жұмыс атқарады.

Компанияның басқарма төрағасы ретінде Мақсат Қабашов тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар