Бақдəулет Сапарбеков: Елбасы мақаласының еліміздің болашағы үшін мәні мен маңызы өте зор

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Елбасы мақаласының еліміздің болашағы үшін мәні мен маңызы өте зор». Ш. Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Жас Отан» Жастар қанатының бөлім басшысы Бақдаулет Сапарбеков Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты мақаласына қатысты өзінің пікірін осылай білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Елбасы мақаласында әлемдегі қалыптасқан  қазіргі жағдайларды ескере отырып, еліміздің болашақ даму бағдарын айқындайтын жайлар жан-жақты айтылған.

Ұлт Көшбасшысы көтеріп отырған «Туған жер» бағдарламасының қазіргі күнгі ең өзекті мәселе - адамдардың, оның ішінде жастардың бойындағы отансүйгіштік қасиетті дамытуға игі ықпалын тигізетіні анық. Елін, жерін сүйетін адам ғана Отаны үшін аянбай еңбек етіп, бар қабілеті мен күш-жігерін, білімі мен біліктілігін жұмсайтын болады.

«Қасиетті халқымыздың үшінші мүшелге аяқ басқан шағында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Ақ Ордадан Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Көшбасшымыз әлемдік деңгейге шығу мақсатында келесі биік белесті "Қазақстанның үшінші жаңғыруы" деп атады.

Жалпы халқымыздың тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуына бірден-бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасының халыққа Жолдауы екені сөзсіз.

Елбасымыздың әрбір Жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Ал, кешегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы еліміздің болашағы үшін мәні мен маңызы өте зор. Бұл құжатта халқымыздың баға жетпес құндылығы - жастар екенін атап өткен болатын.

Шын мəнінде, ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда жастарды ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сандық технологиялардың дамыған заманында жас ұрпақтың болашағы жарқын болмақ. Бұл әрине, 21 ғасыр Қазақстан тарихында "Алтын ғасыр" болатынының бірден-бір кепілі. Аңсарлы азаматтығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік ел болу жолында ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын. Біз жастар артқан үміт пен арқалаған сенімді ақтау үшін еліміздің өркендеуі жолында аянбай қызмет етеміз!" - деді Б.Сапарбеков.

Соңғы жаңалықтар