БАҚ: АҚШ Сирияға соққы жасау үшін әскерін дайындық күйге келтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық әскери кемелер мен ұшақтар АҚШ президентінен тиісті бұйрық түскен жағдайда Сирияға соққы жасау үшін дайындық күйіне келтірілді.

Бұл туралы CNN телеарнасы анонимді дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Қазіргі уақытта америкалық әскерилер Сириядағы Шайрат әуебазасын бақылап отыр.

«Ресей жаңалықтар» агенттігі мәлім еткендей, әскери қызметшілер аталмыш базаны тәулік бойы бақылауда, себебі дәл сол жерден химиялық шабуыл жасалуы мүмкін.

7 сәуірге қараған түні АҚШ Сириядағы Шайрат үкіметтік авиабазасына «Томогавк» ракетасымен соққы жасаған болатын. АҚШ ол жерде химиялық заттар сақталып отыр деген уәжді алға тартқан еді. 

Соңғы жаңалықтар