Бадминтоннан ел чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында бадминтоннан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Бадминтоннан БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы Наталья Толкачеваның айтуынша, аталмыш додаға жетпістен астам спортшы қатысып, бақ сынады.

Жарыс қорытындысында ерлер мен әйелдер арасында жекелей сында оңтүстікқазақстандықтар Дмитрий Панарин және Айша Жұмабек жеңімпаз атанды. Жұптық сында ерлерден тағы да оңтүстікқазақстандықтар Хайтмұрат Құлматов пен Артур Ниязов озып шықты. Әйелдерден жұптық сында қостанайлықтар Арина Сазонова мен Оксана Штелле жеңіс тұғырына көтерілді. Аралас сында оңтүстікқазақстандықтар Х.Құлматов пен А.Жұмабектің мерейі үстем болды.
null

null

null
Ел біріншілігіне БҚО-дан сегіз спортшы барып, соның ішінде Айдана Бөгентаева жүлдеге ілікті. Ол оңтүстікқазақстандық Иляна Филипчукпен бірге жұптық сында екінші орынға көтерілді. Сондай-ақ тағы бір оңтүстікқазақстандық А.Ниязовпен бірге аралас сында күміс жүлдеге қол жеткізді. Айдана - бұған дейін де ҚР чемпионаттарында топ жарған спорт шебері, Қазақстан құрамасының мүшесі.
null

Айта кетейік, бадминтон олимпиадалық ойын түрі болып есептеледі.

Соңғы жаңалықтар