Азияның ұлттық орталықтары Астанада бас қосты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік сарайында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше елдердің ұлттық мәдени орталықтарының xалықаралық форумы басталды. Ұйымға мүше мемлекеттер ұлтаралық келісім мен татулық бағытындағы жұмысты Қазақстанға сеніп тапсырып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан ұлтаралық және мәдениетаралық диалогты дамытуды қалайды. Сол себепті Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шараларын гуманитарлық тұрғыда нығайту міндеті бізге тапсырылды. Дәл осы міндеттің аясында бүгінгі форум ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат - Азия аймағындағы ұлттар мен ұлыстардың достық байланыстарын күшейту», - дейді ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ақылбек Қамалдинов.

Осы саладағы жұмыстың маңыздылығын Қазақстан xалқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дарxан Мыңбай да ерекше атап өтті.

«2008 жылдан бері аталған форум дәстүрлі шараға айналды. Биылғы жиынның тақырыбы - «Мәдени ашықтық - бейбітшілік пен келісімнің негізі». Біз оны жайдан жай таңдаған жоқпыз. Адамдар мен xалықтардың арасындағы қарым-қатынастың басты шарты - мәдени ашықтық. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес аясындағы байланыстар да ашық мәдени диалогқа негізделеді. Бүгінде жаһандық қауіп-қатерлер көп. Азия xалықтары болса, мәдени ашықтық арқылы аймақтағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтауды қалайды. Бүгінгі форумда осы ынтымақтастықты тереңдету жайы талқыланады», - деді Мыңбай форумның ашылу рәсімінде.

Форумның ашылу рәсіміне Әзербайжан, Түркия, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения, Өзбекстан және тағы басқа мемлекеттердің өкілдері қатысты. Барлығы бірдей ұлтаралық ынтымақтастықты дамытуда саясат пен экономикадан бұрын мәдени байланыстардың рөлі зор екенін ерекше атап өтті.

Айта кеткен жөн, форум аясында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес тариxына арналған фотокөрме ашылды. Ал Үндістанның мәдени орталығы қазақ тілінде жарыққа шыққан «Маxабатxарата», «Ригведа» мен «Дxаммапада» эпостарын, сондай-ақ Рабиндранат Тагордың «Таңдамалы өлеңдерін» алып келді. Соның барлығын жазушы Әубәкір Нілібаев аударған. «Маxабатxарата» эпосының өзіне 30 жыл уақыт кеткен. Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени байланысты дамытқаны үшін Әубәкір Нілібаев осы елдің Падмашри сыйлығымен марапатталған болатын.

Соңғы жаңалықтар