Азиядағы жаңа мүмкіндіктерді Қазақстан барынша пайдаланады - Қайрат Келімбетов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада XIV Еуразия медиа форумында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов қытайлық тұтынушылар Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдеріне бет бұратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда тек Сингапур ғана емес, сонымен қатар басқа да елдердегі алдыңғы қатарлы тәжірибе де ескерілуде. Әр салада үздік модельдерді қамтуға тырысамыз. Менің ойымша, бұл тұрғыда негізгі бағыт Қазақстан Президентінің тұжырымдамалық құжаттарында қамтылған, яғни 5 институционалдық реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадамның» аясындағы ауқымды шаралардың маңызы зор. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан мұнай өндіруші ел ретінде кеңінен танымал. Шикізаттық өнім тауарына тәуелді болмас үшін, бізге экономиканы әртараптандырумен белсендірек айналысу керек. Бұл қадамдар мұнай бағасының төмендеуінен емес, жаһандық экономикадағы барша парадигманың өзгеруіне орай жасалып отыр, яғни көмірсутектен дамудың тұрақты жолдарына мән бірілуде»,-деп тоқталды Келімбетов форум аясындағы «Азия «экономикалық кереметінің» құпиясы» атты мәжіліс барысында.

Осы орайда ол бүгінде Азияда жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына байланысты Қазақстан қызмет көрсету саласында үлкен нарықтарға бағыт алып отырғанын сөз етті.

«Еуропа мен Қытай арасын транзиттік мүмкіндіктермен жалғайтын портал боламыз, алайда тек транзиттік ел атанбай, сонымен қатар басқа да мүмкіндіктерді пайдаланамыз. Жақын арада Қытайда 300 млн адам орташа санатқа жетеді, өз кезегінде бұл адамдар қызықты жерлерге сапармен барып, жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін алуға талпынады. Бұл ретте Қазақстан өзінің туристік бағдарламасымен, ауыл шаруашылығы өнеркәсібімен және тауарлық ресурстарымен қаржылық, сондай-ақ басқа да сервистерде өңірлік хабқа айнала алады»,-деді Қайрат Келімбетов.

Бұл тұрғыда ол «Астана» халықаралық қаржы орталығының да рөлі ерекше болатынын қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар