Азия жəне Океания чемпионатында астаналық бессайысшы үш медаль иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азия жəне Океания чемпионатында астаналық бессайысшы үш медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасай отырып.

2017 жылғы заманауи бессайыс бойынша Азия және Океания чемпионаты Жапонияның Готембо қаласында аяқталды. Жарыстар 13 қыркүйектен 17 қыркүйек аралығында өтті, оған 10 ел қатысты: Қазақстан, Корея, Қытай, Қырғызстан, Аустралия, Малайзия, Үндістан, Тайпей, Таиланд және Жапония. 

Әйелдер арасындағы жеке жарыстарда Астана қаласы әкімшілігінің ЖСШММ спортшысы Елена Потапенко күміс медальға ие болды, сондай-ақ әйелдер арасындағы командалық есепте Еленада қол медалі бар. 

Ильяшенко мен Потапенконың дуэті тағы көзге түсті, жоғары спорт шеберлігінің астаналық мектебінің спортшылары МІХ эстафетасында қола медальдерді жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар