Азия ойындары: Таеквондошылар екі медаль иеленді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарында таеквондошыларымыз бір күміс, бір қола жүлде иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

V Азия ойындары сайтындағы ақпараттарға сүйенсек, 74 кг салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы Қайрат Сарымсақов тайландтық Jaratsri Peeraphat-ты және қырғызстандық Акбар Айтакуновты 8:2 есебімен тізе бүктіріп, жартылай финалда Иордания спортшысы Анас Жәләль Алдарбиден 4:3 есебімен басым түсті. Финалда отандасымыз Иран спортшы Махди Жәләлиға 2:5 есебімен жеңіліп, «күмісті» қанағат етті.

57 кг салмақта өнер көрсеткен отандасымыз Айтуар Шайкенов алғашқы айналымда қырғызстандық спортшы Искендыр Османовты 12:8 есебімен, ширек финалда ауғанстандық Біләл Зазайды 19:16 есебімен қапы қалдырды. Жартылай финалда отандасымыз Тәжікстан спортшысы Манучехр Нематовқа 12:14 есебімен жол беріп, қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, 63 кг салмақта өнер көрсететін қазақстандық таеквондошы Қазыбек Бақтиярұлы 19 қыркүйек шаршы алаңға шығады.

ФОТО: photo_astana001

Соңғы жаңалықтар