Азия чемпионаты: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 сәуір - 7 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан Азия чемпионаты өтеді. 

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) барлық салмақ санаты бойынша алғашқы жекпе-жектердің тізімін жариялады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Қазақстан құрамасының сапында 10 боксшы өнер көрсетеді:

49 кг. 1/8 финал. Жомарт Ержан - Хон-Да Линь (Тайбэй) - 1 мамыр (кешкі сессия)
52 кг. 1/8 финал. Азамат Исақұлов - Танес Онгджунта (Таиланд) - 2 мамыр (кешкі сессия)
56 кг. 1/8 финал. Қайрат Ералиев - Сирожиддин Абдуллаев (Қырғызстан)/Марио Баутиста (Филиппины) - 1 мамыр (күндізгі сессия)
60 кг. 1/8 финал. Әділет Құрметов - Алназирул Отман (Малайзия) - 2 мамыр (күндізгі сессия)
64 кг. 1/16 финал. Бекдәулет Ыбрайымов - Хир Азми (Малайзия) - 30 сәуір (күндізгі сессия)
69 кг. 1/8 финал. Абылайхан Жүсіпов - Хироаки Кинджо (Жапония) - 2 мамыр (кешкі сессия)
75 кг. 1/8 финал. Әбілхан Аманқұлов - Чиа-Вей Кан (Тайбэй)/Инь Хан Вэнь (Қытай) - 1 мамыр (кешкі сессия)
81 кг. 1/8 финал. Ерік Әлжанов - Эркин Адылбек Уулу (Қырғызстан) - 2 мамыр (күндізгі сессия)
91 кг. 1/4 финал. Василий Левит- Санжар Турсунов (Өзбекстан)/Хьен Кю Ким (Оңтүстік Корея) - 3 мамыр (таңғы сессия)
+91 кг. 1/8 финал. Қамшыбек Құнқабаев - Ерболат Тулыек (Моңғолия) - 2 мамыр (кешкі сессия). 

 

 

Соңғы жаңалықтар