Азиада-2017: Осыған дейін үш медаль жеңіп алған шаңғышы аруымыз бүгін жүлдесіз қалды

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында шаңғышы Елена Коломина алтыншы орыннан аса алмады, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Ол бүгін  15 шақырымдық еркін стилде сынға түсіп, жүлдесіз қалды. Алайда ол осыған дейінгі сындарда, екі күміс, бір қола медаль жеңіп алған болатын.
Атап айтар болсақ, шаңғы жарысынан классикалық жүріспен жеке спринт (1,4 шақырым) жарысында бір күміс , 5 шақырымдық классикалық жарыстан екіншікүмісті ел қоржынына сыйлады. Одан кейін, 10 шақырымдық еркін жүгірістен қола медальді иеленді. Өкінішке қарай бұл жолы бағы жанбады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

1. Юки Кобаяси (Жапония) - 43:28.6

2. Че Вон Ли (Оңтүстік Корея) - +3.9

3. Хонгксю Ли (Қытай) - +5.2

6. Елена Коломина (Қазақстан) - +49.6

7. Ангелина Шурыга (Қазақстан) - +1:11.6

9. Тамара Эбель (Қазақстан) - +2:09.1

12. Дарья Ряжко (Қазақстан) - +3:09.6.  

Соңғы жаңалықтар