Азиада-2017: Қазақстан қоржынына жетінші алтын медаль түсті

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарының соңғы күні Қазақстан қоржынына жетінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды Саппородан ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін биатлоншыларымыз 15 шақырымдық масс-старт жарысынан өнер көрсетті. Нәтижесінде Ян Савицкий барлық қарсыластарын қапы қалдырып, бас жүлдені жеңіп алды.
Бұл Ян Савицкийдың VІІІ қысқы Азия ойындарындағы жеке жарыстардағы үшінші жүлдесі. Ол осыған дейін бір алтын, бір күміс жүлде жеңіп алған болатын. Бұл сында екінші орынды Қытай спортшысы Венкьянь Ванга иеленсе, үшінші орынды Жапония спортшысы Косукэ Озаки қанжығасына байлады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
1. Ян Савицкий (Қазақстан) - 44:12.2 (0+1+1+1)
2. Венкьянь Ванг (Қытай) - +41.9 (0+0+1+0)
3. Косукэ Озаки (Жапония) - +59.3 (0+2+2+1)

6. Василий Подкорытов (Қазақстан) - +1:26.3 (1+0+1+1)
8. Антон Пантов (Қазақстан) - +1:39.4 (2+1+0+2)
10. Максим Браун (Қазақстан) - +2:12.5 (2+1+0+1).

Енді шамалы уақыттан кейін, биатлоншы аруларымыз 12,5 шақырым қашықтықта өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар