Әзербайжан шетелге кеткен ғалымдарын түгендеп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанның ұлттық ғылым академиясы (ӘҰҒА) ғылыми қызметтерін шетелде жүргізіп жатқан өз ғалымдарының электрондық деректер қорын жасайды, деп хабарлайды Trend.

Бұл туралы ӘҰҒА вице-президенті Иса Габиббейли айтып берді.

Оның айтуынша, деректер қорына шетелде жұмыс жасап жатқан ғалымның өмірбаянымен  оның ғылыми еңбектері туралы ақпарат енгізіледі.

«Деректер қоры арқылы біз әлемнің түкпір-түкпірінде жұмыс істеп жүрген әзербайжандық ғалымдарымызбен байланысып тұрамыз. Осы арқылы біз ортақ жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік аламыз. Сондай-ақ, олар Әзербайжан ғылыми мекемелерінің шетелдегі гранттық бағдарламаларға қатысуына жәрдемін тигізеді», - деді Иса Габиббейли.

Соңғы жаңалықтар