Әзербайжан халықаралық банкін қайта құрылымдау жоспары бекітілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 тамызда Баку қаласындағы Насимин аудандық соты сыртқы қарыз берушілер алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау жоспарын қабылдады, деп хабарлады АЗЕРТАДЖ.

2017 жылдың 18 тамызында Әзербайжан халықаралық банкі кредиторларының жиналысы өтті. Онда 93,9 пайыз дауыспен қайта құрылымдау жоспары қабылданды. Әзербайжан Республикасының «Банктер туралы заңына» сәйкес қайта құрылымдау жоспарын Қаржы нарығын қадағалаушы палата қарады.

Айта кететін жайт, 22 тамызға дейін кредиторлар сыртқы міндеттемелер бойынша банкке талаптары жоқ екендігі туралы құжат тапсырулары тиіс. Құжаттарды өткізген кредиторлар ұсынылған қаржы құралдарын 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пайдалана алады. 

Соңғы жаңалықтар