Әзербайжан ақындарының шығармалары қазақшаға аударылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен үшінші мәрте өтіп жатқан халықаралық көрмеде «Жаңа заман əзербайжан поэзиясының антологиясы» атты кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты рәсімге қандас ақындардан Екбер Гошалы, Ильгар Түркоглы, Иылмаз Окуглы қатысты.

Жиынды Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдəулет және Әзербайжанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рашад Мамедов ашып берді.

Әзербайжан шайырларының тәржімаланған жырларын Оңайгүл Тұржан, Мирас Асан, Жанат Жаңқаш, Олжас Қасым, Айзада Рахымжанова, Рауан Қабидолдин сынды ақындар оқыды.  Жарық көріп отырған антологияға 40-тан астам қандас ақындардың өлеңдері енген. Игі шараға  Дәулеткерей Кәпұлы, Танагөз Толқынқызы бастаған ақындар мұрындық болған.

Айта кетейік, былтыр «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» деген атпен қазақ ақындарының өлеңдері әзербайжан  тілінде шығып, аталмыш жинақтың тұсауы Бакуде кесілген болатын.

Соңғы жаңалықтар