«Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясының басшысы қызметінен босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияр Қағазбекұлы Еренчинов өз өтініші бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы қызметінен босатылды. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін, 18 қаңтарда, Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы өз өтініші бойынша мерзімінен бұрын өкілеттігін тапсырды. Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі Данияр Қағазбекұлы Еренчиновтың отставкасын қабылдады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар