Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан футбол федерациясында кадрлық мәселелер бойынша Атқарушы комитеттің жиыны өтіп, ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық қауымдастықтармен байланыс бойынша вице-президент міндетін атқарушы қызметіне Айсұлтан Назарбаев тағайындалды.

Бұл туралы ҚФФ ресми сайтында хабарланды.

«2017 жылдың 28 ақпан күні Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық қауымдастықтармен байланыс бойынша вице-президент міндетін атқарушы қызметіне Айсұлтан Назарбаев тағайындалды», делінген хабарламада. 

Айсұлтан Назарбаев 1990 жылы туған. Ұлыбританияның Royal Military Academy Sandhurst оқу орнын бітірген. КИМЭП университетінің магистратурасын «бизнес-әкімшілендіру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әскери борышын Жамбыл облысындағы Отар стансасына таяу жердегі әскери бөлімде, Қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасында өтеген.

2016 жылы астаналық «Рахат» клубының сапында екі матч өткізген, сондай-ақ Қазақстан жасөспірімдер құрамасы құрамында Европа-2006 чемпионатының іріктеу турниріне қатысқан.

Студент шағында Англияның «Челси» және «Портсмут» жастар командаларында ойнаған. «Портсмут» сапында өнер көрсеткен жылдары жастар арасындағы Англия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған.

Соңғы жаңалықтар