Әйгілі «Тақтар ойыны» телехикаясының актеры өмірден озды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көпшілікке белгілі «Тақтар ойыны» телехикаясында Галлин есімді данагөйдің рөлін сомдаған британдық актер Рой Дотрис өмірден озды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

94 жастағы актердің неден ажал құшқаны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Рой Дотрис «Амадей» фильміндегі рөлінен соң танымалдыққа ие болған еді. Сондай-ақ ол 2004 жылы «Алтын глобус» марапатына лайық деп танылған болатын.  

Соңғы жаңалықтар