Әйгерім Болатқызы тарихи отанының дамуына қосқан перзенттік үлесін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында Италияның Милан қаласындағы Боккони университетінің оқытушысы Әйгерім Болатқызы тарихи отанының дамуына қосқан перзенттік үлесін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сіздің үшінші құрылтайда айтқан «шетелдегі әрбір қазақ отаныма не беремін», деп ойланатын кез келді деген сөзіңізден кейін білімімді Атажұртым Қазақстанға жұмсауға шештім. Содан бері бар күш-жігерімді қазақ елінің дамуына жұмсауға тырысып келемін. Сингапурдың бірінші премьер-министрі болған Ли Куан Ю сіздің сыйлас досыңыз болғанын білемін. Мен 7 жыл Сингапур мемлекеттік университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде қызмет істедім. Сол уақытта Қазақстан мен Сингапур арасында білім саласы бойынша бірнеше келісім жасасуға тікелей қатыстым. Соның нәтижесінде Қазақстанның 150-дей мемлекеттік қызметкерлері, мининстрлері мен басқа да лауазымды қызметкерлерінің білімдерін жетілдіруін Астанада және Сингапурда ұйымдастырдым. 2012 жылы Назарбаев университетін Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебіне 5 жылдық келісімшарт жасалуына мұрындық болдым. Келісімшарт осы жылдың мамырда тағы 5 жылға ұзартылды», - деді Әйгерім Болатқызы.

Оның айтуынша, Боккани университеті мен Қазақстанның Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы стратегиялық серіктестің жолға қойылуына себепкер болған.

«Бұл еңбектерімді тарихи отанымның дамуына қосқан кішкентай ғана перзенттік үлесім ретінде қабыл алыңыз. Мен сіздің үштілді оқыту бастамаңызды толықтай қолдаймын. Бұл қазақ жастарын 21 ғасырдың күнсайын өзгеріп жататын талаптарына дайырлаудың қамы», - деді Әйгерім Болатқызы Қазақстан Президентіне қарата.

Соңғы жаңалықтар